KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жүлде қоры – 4 миллион. Журналистер арасында байқау жарияланды

18.05.2019, 05:58 207

Журналистер арасында қаржы тақырыбына арналған республикалық байқау жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

 

2019 жылдың 15 мамырынан бастап «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен өткізетін «ЕРКІН СӨЗ»-2019 шығармашылық байқауына материалдар қабылдау басталды. 

 

Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері отандық қаржы саласы, банк жүйесі мен қаржылық құрылымдар, несие түрлері, банк өнімдері, қаржылық сауаттылық т.б. қаржы мен банктерге қатысты материалдарын 2019 жылдың 5 тамызына дейін тапсыруы шарт. 

 

«Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылатын байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңгеге жуық.  Иә, қаржы тақырыбындағы байқаудың жүлдесі де қомақты. Бас жүлде – 700 000 теңге, І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге. 

 

Жеңімпаз журналистерге марапаттау салтанатында қаржылай сыйақымен қатар заттай сыйлықтар табысталады.  

 

Толығырақ ақпаратты «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының ресми сайтынан біле аласыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу