Ішкі істер органдарының 95 қызметкері жараланды
Еліміздің бірқатар аймақтарында наразылық акциялар өтті. Салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.
«Заңсыз әрекеттердің салдарынан ішкі істер органдарының 95 қызметкеріне дене жарақаттары келтірілген. 37 қызметтік автокөлік бүлінген», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктерге шабуыл жасалғаны туралы толық ақпарат берілген болатын.
Оқи отырыңыз