ШҚО-да 7 мың бас ірі қараға арналған 3 бордақылау алаңы салынып жатыр
Шығыс Қазақстанда мал шаруашылығы табысты дамуда. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникация орталығындағы брифингте мәлімдеді.
Жыл басынан бері ірі қара саны 3,5 процентке, ұсақ мал басы - 0,9, жылқы –9,4, құс саны – 1,2 процентке өсті.
Салалық бағдарлама аясында биыл ШҚО-да 7 мың бас ірі қараға арналған 3 бордақылау алаңы салынып жатыр. Олар: Ұлан ауданында «Көкжал» шаруа қожалығы, Тарбағатай ауданында «АсылАгро-7» ЖШС және «Мәуліт» шаруа қожалығы.
Жақында Ангус тұқымын өсіруімен айналысатын «Елім-Ай Көкпекті» кәсіпорны бір мезгілде 5 мың бас ірі қара ұстауға болатын алаңды іске қосты. Мұнда асыл тұқымды малдың санын 3 мыңға дейін жеткізуге болатын репродуктор бар.

- 2025 жылға дейін 46 мың басқа арналған, 20 бордақылау алаңы пайдалануға беріледі. Қабылданған шаралар, 5 жыл ішінде облыстың ет балансын 5 процентке арттыруға мүмкіндік береді, - дейді Даниал Ахметов Нұр-сұлтан қаласындағы брифингте.