KZ
Өскемен
-16°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Шығыс Қазақстанда қалың тұман 

Бүгін, 09:00 34 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, бүгін, 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында тұман түседі деп күтілуде. Өскемен қаласында түнгі және таңғы мезгілдерде қою тұман сақталуы ықтимал. Қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқуда, деп хабарлайды Altainews.kz.

Осыған байланысты автокөлік жүргізушілеріне жолда ерекше мұқият болып, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, арақашықтықты ұлғайту ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілерге өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігі ескертіледі.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда азаматтарға «112» жедел қызмет нөміріне хабарласу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты бүгін Өскемен қаласының барлық мектептерінде оқушылар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сонымен қатар, Алтай ауданындағы бірқатар мектепте ауа температурасының төмендеуіне орай сабақтар онлайн форматта ұйымдастырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу