KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

Прудхоз ауылына ауыз су тартылады, жолы жөнделеді - әкім

3.02.2021, 12:27 145

Облыс орталығына қарайтын Прудхоз ауылына таза ауыз су тартылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Өскемен әкімі Жақсылық Омар тұрғындарға есеп беру кезінде айтты.

Ғайнигүл Айтқали есімді Шығыс ауылының тұрғыны:

– Біріншіден №256 автобус уақытылы жүрмейді. Қыс кезінде жолаушылар оны сағаттап күтеді. Екіншіден орталық жолдар шұрық-тесік, жөндемесе болмайды. Үшіншіден көрші ауыл – Прудхоздың тұрғындары таза ауыз суға мұқтаж. Олар қашан орталық су құбырына қосылады? – деп сұрады.

– Автобус мәселесі реттеледі. Көлік компаниясымен кездесіп, тақылаймыз. Ауылдың орталық жолдары биыл жөнделеді, жоспарда бар. Ал көршілеріңізге сәлем айтыңыз, биыл таза ауыз су тартылады. Бұл жұмысқа бюджеттен 256 миллион теңге бөлініп қойған, – деді Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив