KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін мына сайтқа өтінім бересіз

22.01.2021, 16:52 203
Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін өтінім беретін сайттың атауы белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу үшін өтінім беретін сайтты атады. 

- Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінім беретін сайт enpf-otbasy.kz деп аталады. Бұл біздің БЖЗҚ-мен бірлескен жұмыс болып табылады. Сондықтан да сайт атауында бірге жұмыс істеген екі органды да атауды жөн көрдік - дейді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, сайт сенбі күні өз жұмысын бастамақ.

- Біз ақпан айының алғашы аптасында аталған сайттың нәтижесін көрсету үшін алған адамдардың есімдерін атаймыз деп үміттенемін. Бұл әрине олардың келсімімен болады, - деп қоса кетті Ләззат Ибрагимова.

Қазір сайтқа кірсеңіз, «Сервис 23 қаңтар күні 9.00-ден бастап жұмыс істейді», - деген жазуды көре аласыз.


Ләззат Қанатқызы
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу