KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Аягөздегі балалар орталығына 2020 жылы бюджеттен қосымша қаржы бөлінді

8.12.2020, 14:24 235

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар 105 балаға арналған. 

Орталық стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес жұмыс жүргізеді. Ең төменгі штаттық нормативпен 179,5 бірлік қарастырылған, іс жүзінде 158 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: әкімшілік-15 адам, педагогикалық қызметкерлер-36 адам, медициналық қызметкерлер – 21 адам, кіші медициналық және техникалық қызметкерлер - 86 адам. Бүгінгі таңда орталықта 95 бала бар.

Облыс әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен орталықта қызмет алушылардың тұру жағдайларын жақсартуға, ғимарат алаңын кеңейтуге және іргелес аумақты абаттандыруға 2020 жылы бюджеттен қосымша қаражат бөлінді. Биылғы жылы қазандықтың ағымдағы жөндеу, ғимаратты күрделі жөндеуі, балалар ойын алаңы мен спорт алаңының құрылысы жұмыстары және оңалтуға арналған жабдықтар, жиһаздар, медициналық жабдықтар алу жүзеге асырылуда.

Өз ретінде Аягөз балалар арнайы қызмет көрсету орталығының әкімшілігі мен ұжымы стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы қызмет көрсету Стандартын орындауда. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту, отбасына оралған балалар санын арттыру, қызмет алушылардың тұлғалық даму, әлеуметтену және бірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізеді.

Осылайша, медициналық, педагогикалық қызметкерлердің, палаталық санитарлардың және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша барлық персоналдың командалық жұмысының, сондай-ақ жеке қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді ескере отырып, дұрыс таңдалған емдеу-сауықтыру іс-шараларының арқасында 2020 жылдың 8 қазанында қызмет алушы Серікұлы Дінмұхамед өз отбасына оралды.

Серікұлы Дінмұхамед 2011 жылдың 23 шілдесінде дүниеге келген. 2015 жылы Семей қаласының балалар үйінен Аягөз балалар арнайы қызмет көрсету орталығына түседі.

Түскен кезде бала өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларынсыз болды, денсаулық жағдайы бойынша өз бетінше қозғала алмады, балаға оңалту, тәулік бойы медициналық қарау және жеке күтім қажет болды.

Баланың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Дінмұхамедке тоқсан сайын орындалған іс-шараларға мониторинг жүргізе отырып, жеке жұмыс жоспары жасалды. 5 жыл бойы емдік дене шынықтыру мамандары, тәрбиешілер, медбике және палаталық санитарлар баламен жұмыс істеді. Дұрыс таңдалған оңалту шаралары оң нәтиже берді, 2019 жылы қаңтар айында Дінмұхамед топтан үлкен топқа ауыстырылды, еңбектей бастады, содан кейін қызметкерлер көмегімен жүре бастады, ашық сабақтарға қатысып, апа, аға сынды дыбыстар шығарды. 2020 жылдың қазан айында бала Өскемен қаласының «Ана мен бала» орталығына оңалтуға жіберілді.

Дінмұхамедке жасалған оңалту жұмыстарымен қатар оның ата-анасымен де жұмыс жүргізілді. Туа біткен патологияға байланысты ата-анасы Семей қаласының перинаталдық орталығында өткізіп, ата-аналық құқықтан бас тартқан. Орталық мамандары Дінмұхаммедтің ата-анасымен ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру

бойынша жұмыстар жүргізген. 2019 жылдың қыркүйегінде баланың ата - анасы ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы өз ниеттерімен бөлісіп, орталық мамандары құқықтық-консультативтік көмек көрсетті.

Аягөз балалар арнайы қызмет көрсету орталығының мамандарының көп жылғы еңбегінің нәтижесінде 2020 жылдың қазан айында Дінмұхамед аяққа тұрып орталықтан шығып отбасымен қауышты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив