KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
530.24 543.97 5.16

Аягөздегі әлеуметтік қызметкерлер өз жұмыстарына адал

8.12.2020, 14:20 437

Әлеуметтік жұмыс - мораль және адамгершілік позициясымен бағаланатын қызмет. Әлеуметтік қорғау жүйесінің ең басты мақсаты - клиент пен қоғам арасында жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, жағымды кеңістік орнату.


 Әлеуметтік қызметкердің жұмысы мына формуламен айқындалады: «мәселені шешу және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту». Жақсылық жасауға ұмтылу, мәжбүр адамдарға көмек беру, адами және кәсіби парыз сезіміне бағыну, құнды бағыттарды іске асыру бұл кәсіби қарым - қатынас процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің өмірі мен қызметі. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекеті жанжақты болып келеді: халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру, әлеуметтік қызмет экономисті, әлеуметтік қызмет заңгері, медико-әлеуметтік қызметкер, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік реабилитациялау маманы, әлеуметтік қызмет психологы, әлеуметтік қызметтің әлеуметтік педагогы.


«Аягөз ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің мамандары баланың жас ерекшелігіне, мүмкіндігі мен қабілеттілігіне сәйкес арнайы түзете-компенсаторлық және әлеуметтік ортаға бейімделу біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, ойын, тұрмыстық әрекетке өздігімен қатысу, әлеуметтік жағдайларға бейімделуге даярлау, жалпы дамуына ықпал ететін, қарым-қатынас және сөйлеу белсенділігінің базалық үрдістері мен қызметін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.


Әлеуметтік қызметкердің адамгершілік позициясы мен лауазымдық міндеті өзара байланыста, тізбекті түрде жүзеге асырғанда ғана әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетінің нәтижесін көреміз. Бірізді ұйымдастырылған коррекциялық әсер етудің нәтижесінде сөйлеу тілі жетілген, қарапайым мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптасқан, өздігінен жүрген (16 бала), арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алатын балалардың саны артты. Бұдан әлеуметтік қызметкердің баланың дене және психикалық денсаулығын нығайтудағы, түзетушілік және олардың қоғамға интеграциясына тұтастығын қамтамасыз ету барысындағы жұмысы кәсіптік тәжірибеде білімін жетілдіріп, жан-жақты қолданып, жауапкершілікпен атқаратынын көреміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу