KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, В
516.13 538.01 5.29

Нәтижеге мұнай мен газ емес, білім экономикасы жеткізеді – Салтанат Тұрсынбекова

4.11.2022, 16:49 525 Оразай Жеңісұлы

Алматыда президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

– Қазір Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді. Адамдар бәріне қол сұғуға көшкен. Әсіресе, әлеуметтік желіде жарияланған нәрселер. Фотосуреттер, мәтіндер, фильмдер, музыка мен кітаптардың айналасында құқықбұзушылар көп.  АҚШ-та немесе Еуропада платформалар үшін төлем жасамаса немесе фильм билетін сатып алмаса музыка тыңдау немесе фильм көру мүмкін емес. Қазақстанда контент үшін ақша төлеу ұят деп есептеледі. Құқық қорғау үшін сотқа жүгіну мәдениеті жоқ. Мәселен, микротолқынды пеш ұрлағаны үшін адам түрмеге түссе, өнер туындысын ұрлағаны үшін жазадан құтыла алады. Сондықтан бір нәрсені ұрлау – ұят, ал ақыл-ой еңбегінің өнімін сұрамай-ақ тартып алу – қалыпты жағдайға айналды, – деді кандидат.

Сондай-ақ кандидат Қазақстанда сараптама институты жоқ, сәйкесінше  технологияның немесе өнімнің нақты кімге тиесілі екенін анықтай алатын мамандар да аз екенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу