KZ
Өскемен
-38°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Сарбаз үні: әскерде кері байланыс қалай ұйымдастырылған?

15.01.2026, 15:00 103 Ержан Әбіш

Қарулы Күштерде мерзімді әскери қызметшілер мен олардың отбасылары үшін кері байланыстың заманауи әрі қолжетімді жүйесі қалыптастырылған. Бұл бастама сарбаздардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың моральдық-психологиялық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллектке негізделген AiSulu Telegram-боты мен Armykz сервисі арқылы министрлікке 11 700-ден астам өтініш келіп түскен. Әскери бөлімдердің бақылау-өткізу пункттерінде орнатылған «Ашық армия» QR-кодтары кері байланыс формаларына жедел өтуге мүмкіндік беріп, Telegram арқылы, оның ішінде анонимді түрде хабарлама жолдауға жағдай жасайды. Түскен барлық өтініштер Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінде талданып, тиісті шешімдер қабылданады.

Armykz платформасында әскери қызметке қатысты кеңес беретін AI-кеңесші де жұмыс істейді. Ол 2025 жылдан бері 11 мыңнан астам сұраққа жауап берген. Бұдан бөлек, әскери бөлімдерде қолбасшылықтың, әскери прокуратура мен әскери полицияның байланыс нөмірлері тұрақты түрде ілінген.

– Біздің мақсатымыз – мәселе ушығып кетпей тұрып, сарбаздың үнін есту. Әрбір өтініш – міндетті түрде жауап беруді талап ететін маңызды сигнал, – дейді Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті психология және әскери-әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы, подполковник Арман Қалышев.

AiSulu Telegram-боты іске қосылғаннан бері 700-ден астам өтініш қабылданған. Сонымен қатар сарбаздарға демалыс және мереке күндері «Отбасымен бейнеқоңырау» арқылы жақындарымен сөйлесуге мүмкіндік беріледі. Әрбір әскери бөлімде бөлімше командирлері сарбаздардың ата-аналары үшін WhatsApp чаттарын құрып, қызмет барысы туралы ақпарат беріп, сұрақтарға жедел жауап ұсынады.

Мамандардың айтуынша, осындай заманауи байланыс құралдары әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық ахуалын нығайтып, жанжалдардың алдын алуға және командир – сарбаз – ата-ана арасындағы сенімді арттыруға оң әсерін тигізіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу