KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Геннадий Головкин жерлесі Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

10.07.2022, 14:23 396
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандасын құттықтап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Twitter-дегі теннистен Wimbledon турнирінің ресми парақшасында қазақстандық Елена Рыбакинаның жеңісі туралы жарияланым астына бүкіл әлемнің жанкүйерлерінен көптеген құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Олардың арасында атақты қазақстандық боксшының құттықтауы көзге ілінеді.

9 шілдеде Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Ұлыбританияның Ашық чемпионаты – Wimbledon беделді теннис турнирінде жеңіске жетті. Финалда қазақстандық әлемдегі екінші ракетка, Тунис спортшысы Онс Жаберді ұтып кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу