KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 3 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Өнер мен әдебиеттің асқар шыңында: Шығыстың төрт бірдей саңлағы мемлекет тарапынан ұлықталды

31.12.2025, 20:30 125 Базарова Айгүл

Мемлекет басшысының Өкімімен 2025 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия руханият әлеміне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар көрнекті қаламгер мен өнер қайраткерлеріне тағайындалды. Бұл — ел мәдениетінің дамуына өмірін арнаған, ұлттық рухты биікке көтерген тұлғалардың еңбегіне көрсетілген жоғары құрмет, деп хабарлайды Altainews.kz.

Мәртебелі марапаттың иегері атанғандардың қатарында — көркем сөздің хас шебері, II дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Әлібек бар. Оның шығармашылығы — ұлттық әдебиеттің терең тамырынан нәр алған рухани қазына.

Сондай-ақ, сатирик, «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағының иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлының есімі де марапат иелерінің қатарынан көрінді. Қаламы өткір, ойы орамды қаламгердің еңбектері қоғам айнасына айналды.

Мемлекеттік стипендия поэзия әлемінде өзіндік үнімен танылған, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Гүлнара Салықбаеваға да берілді. Оның жырларынан заман тынысы мен адам жанының нәзік иірімдері айқын сезіледі.

Өнердегі биік белестерді бағындырған тағы бір тұлға — актёр әрі кинорежиссер, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағының және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов. Оның сахна мен экрандағы бейнелері ұлттық өнердің алтын қорынан орын алған.

Аталған мемлекеттік стипендия мәдениет пен өнер саласының дамуына айрықша үлес қосқан қайраткерлерге тағайындалады. Бұл марапат — олардың көпжылдық қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға, руханиятқа көрсетілген зор құрмет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу