KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Азия біріншілігінде тағы бір жерлесіміз жүлдегер атанды

11.07.2019, 05:30 168

Нұр-Сұлтан қаласында мәресіне жеткен күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір жерлесіміздің қанжығасы майланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жолы тарбағатайлық Олжас Олжақанов көзге түсті. Еркін күрестен салмағы 65 келіден аспайтын спортшылар бәсекесіне қатысқан жас балуан жүлделі үшінші орынға ие болды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Олжас Сауд Арабиясынан келген қарсыласын 12:0 есебімен талқандады.

Аталмыш жарыс спорт шеберлігіне үміткер Олжақановтың алғашқы ірі додасы болғанын айту керек. Енді шығысқазақстандық балуан шілде айынының соңында Болгарияда өтетін Әлем чемпионатына дайындығын бастамақ.
Еске салайық, бұған дейін елорда төрінде өткен байрақты бәсекеде тағы бір жерлесіміз, Аягөз ауданының өкілі Исхар Құрбаев (грек-рим күресі) қола жүлде иегері атанған-ды.

Жалпы, төрт күнге созылған биылғы додаға әлемнің 20-ға жуық елінен келген саңлақтар қатысқан екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив