Шығысқазақстандық спортшы ҚР чемпионатында үшінші орынға ие болды
Шымкент қаласында өткен жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
15-19 ақпан аралығында өткен чемпионатта Өскемен қаласының № 9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерзат Сақабанов үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Чемпионатында ақтөбелік спортшы Лұқпанов Мирас чемпион атанса, екінші орынға Алматы облысынан келген Мұхитұлы Тәңірберген ие болды. Ал, ШҚО-ның намысын қорғаған жерлесіміз Ерзат Сақабанов үшінші орынға жайғасып, Әлем чемпионатына жолдама алды.
Айта кету керек, Ерзат Сақабанов 2021 жылы желтоқсан айында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген болатын.