KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да балаларға арналған хоккей мектебін дамытуға айырықша көңіл бөлінеді

30.11.2023, 17:14 791 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласы – Қазақстан хоккейінің отаны. ШҚО-да қазір осынау даңқты мектептің қайта жаңғыруына айырықша көңіл бөлініп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

-         Өскеменнен кеңестік хоккейдің талай мықты ойыншысы шыққан. Осы орайда хоккейші, жаттықтырушы болған Борис Александровтың атын атамай кетуге болмайды. Қазір Өскемендегі хоккей мектебінің тәрбиеленушілері өзге мемлекеттерде де ойнап жүргенін білеміз. «Казцинк» компаниясымен клубты қаржыландыруды жалғастыруға және балалар хоккейінің базасын жетілдіруге келістік. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар. Орталық мұз аренасынан басқа екі хоккей модулі бар. Қазір хоккей спорты Алтай қаласында да дамып келеді. Сондай-ақ Риддер және Зайсан қалаларында мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында модуль салу үшін тиісті демеуші іздеп жатырмыз, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Естеріңізге сала кетейік, хоккейден еліміздің алғашқы командасы 1954 жылы Өскеменде құрылған. Кейіннен өз жетістіктерімен көп жастарға үлгі болды. Шығыстан шыққан "Торпедо" командасы елімізде жылдар бойы көш бастап келді.

Аймақ басшысы Шығыста хоккеймен қатар спорттың басқа түрлеріне де жете көңіл бөлінетінін айтты.

-         Біз бұқаралық спорт түрлерін дамыта береміз. Алдағы уақытта өңірде шаңғы жолын салу жоспарланып отыр. Қазір облыста волейбол жақсы дамып келеді. Облыстың спорт басқармасына жаттықтырушыларды даярлау жөнінде тапсырма бердім, - дейді өңір басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу