Аягөздің жас боксшылары республикада топ жарды

2020 жылдың 20-25 қараша аралығында, Жамбыл облысы, Шу қаласында, бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткен болатын.
Қазақстан Республикасының Чемпионатында ауданымыздағы «Аягөз спорт мектебінің» оқушылары Жақсылыков Әкежан 52 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының Чемпионатында жеңімпаз атанса, 48 келі салмақ дәрежесінде Мұратов Тілек жүлделі -ІІІ орын иегері атанды. Сонымен қатар, 23-26 қараша аралығында, Алматы қаласында, «Достық» спорт кешенде,өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Аягөз спорт мектебінің түлектері Қызыров Нұрбек 67 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер болса, Мұқашев Марлан 55 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Жас чемпиондарымызды жеңіске жетелеген жаттықтырушыларымыз Миржан Жақсылықов пен Бауыржан Ахыбаевқа, Абуев Аян мен Мұсаев Мейрамбекке алғысымды білдіремін! Ауданымыздың атын байрақты бәсекелерде шығаратын дарынды спортшыларымыздың саны артып, жеңісті күндеріміз көп болсын!» деп жазды аудан басшысы.