KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Жауын-шашын, көктайғақ болуы мүмкін - ШҚО

2.03.2023, 16:08 543 Ләззат Қанатқызы

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 3 наурыз күні ШҚО-да жауын-шашын, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 23-28 метрға дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден +5 градусқа дейін, күндіз +8 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, - дейді синоптиктер.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға өте мұқия болу керектігін ескертеді. Сондай-ақ жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, төмен жылдамдықпен жүру керектігін еске салады.

Дауылды ескертулер, автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу