Қыстың бірінші күні боран болуы мүмкін - ШҚО
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 1 желтоқсан күні күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын жел болуы мүмкін.
Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Тұрғындарға өте сақ болу керектігін ескертеміз. Елді мекендерден тыс жерлерге шыққан кезде автожолдардың жай-күйін қадағалаңыз. Жүргізушілер жылдамдық пен қашықтықты қатаң сақтауы керек. Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.