Көшкін қаупі бар алты айлық кезең аяқталды – ШҚО
Фото: ашық дереккөз
Жыл сайын Шығыс Қазақстан аумағында қараша-сәуір айлары аралығында көшкін қаупі бар кезең өтеді.
Өңірде барлығы 497 көшкін жинағыш бар, оның ішінде 325 ошақ нысандар мен адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Қар көшкініне ұшырайтын автомобиль жолдарының бойындағылары әсіресе қауіпті саналады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстың жазық бөлігіндегі қар жамылғысының орташа биіктігі ағымдағы жылы 5-тен 175 см-ге дейін, таулы жерлерде 20-дан 230 см-ге дейін жетті.
Мамандар мәліметінше, 2022-2023 жылғы қысқы кезеңнің басынан бастап қар көшкінінің 101 профилактикалық қар түсірілуі жүргізілсе, түскен қардың жалпы көлемі 387 060 текше метрді құраған. Өткен қыс мезгілімен салыстырғанда, 2021-2022 жылдары қыс мезгілінде жалпы көлемі 148 980 текше метр қар болатын 125 профилактикалық қар түсірілуі жүзеге асырылған.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Өскемен – Таулы Үлбі – Северное", "Өскемен – Алтай", "Өскемен – Самар" бағытындағы үш учаскені ең қауіпті деп атады.