Аялдамада балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды – ШҚО
Глубокое ауданына қарасты Прапорщиково ауылының 34 жастағы тұрғыны автобус аялдамасында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды.
14 қаңтар күні ол аялдама жанында алкагольді ішімдік ішкен, ал ескерту жасағандарға балағат сөз айтқаны көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнында болғандар полиция қызметкерлеріне хабарлағым, шағымданған.
- Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Сот құқық бұзушыны әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша азаматты кінәлі деп тауып, қамауға алды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз