KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейде тәртіп сақшысына тіл тигізген аға лейтенант жазаланды

2.02.2020, 05:51 182

Семейде тәртіп сақшысына тіл тигізген әскери қызметкер жазаланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Семей гарнизоны әскери сотында ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Оқиға былай болған: Тәртіп сақшылары қоғамдық орында мас жүрген азаматты ұстап, оның жеке басын куәландыру үшін бөлімшеге әкелмек болған. Осы сәтте тәртіп бұзушы полиция қызметкерлеріне тіл тигізе бастайды. Кейіннен оның аға лейтенант атағы бар әскери қызметкер екені анықталды. Сондай-ақ «өзінің қызметтік міндеттерін атқарып жатқан билік өкілін қорлағаны» үшін айыпталды.

Сот үкімімен әскери қызметкер ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жаза ретінде оған 75 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу