"Мотоцикл" ЖПІШ: Күршім ауданында 20 бұзушылық анықталды
шартты сурет
19-21 мамыр аралығында Күршім ауданы аумағында "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Мақсаты – жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ басқа да жол жүрісі қағидасын бұзушылықтар, сонымен қатар түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуын анықтау болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 20-дан астам жол жүру қозғалысының бұзушылықтарын, оның ішінде Маралды ауылында алкогольдік масаң күйде мотоциклді басқарудың бір фактісін анықтаған.
Жоғарыда аталған ауылға бара жатқан полицейлер көлік жүргізу қағидаларын бұзған мотоциклшіні байқаған. Тәртіп сақшылары тарапынан көлік құралын тоқтату туралы бірнеше рет ескертулеріне қарсы жүргізуші тек қозғалыс жылдамдығын арттыра берген. Нәтижесінде, 49 жастағы ауыл тұрғыны жол-көлік оқиғасынан дене жарақатын алып, амбулаториялық пунктке жеткізілген.
Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.