KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

24.06.2021, 13:19 235

Шығыс Қазақстан облысы аумағында​ 17 мамырдан 16 маусым аралығында​ «Қауіпсіз жол»​ республикалық​ профилактикалық​ іс-шара​ өткізілді.

Полиция​ қызметкерлері жол ​ жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың, оның ішінде​ көлік құралын​ мас күйде басқару, сондай-ақ​ басып озу​ қағидаларын, жылдамдық режимін​ бұзушылықтың,​ маневр жасау,​ жол қиылыстары мен​ жаяу жүргіншілер өтпесінен​ өту қағидаларын бұзушылықтардың​ ​ ​ профилактикасы және​ олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізді.

ЖПІШ өткізу​ кезеңінде​ 37​ 000 мыңнан астам​ әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде​ 9​ 000 мыңға жуық жаяу жүргіншілердің​ ​жол жүру қағидаларын бұзды. Сондай-ақ​ 212 адамның мас күйде көлік басқару фактісі,​ 141​ қозғалыстың қарама-қарсы​ жолағына​ шығып кету​ фактісі анықталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

900-ден​ астам көлік құралын​ пайдалауға тыйым салынды, 400​ мемлекеттік тіркеу нөмірі​ алынды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу