Шемонаиха аудандық ауруханасы жаңа жабдықтармен толықты
ШҚО аудандарының медициналық ұйымдарын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру және мамандарды тарту денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінде Шемонаиха аудандық ауруханасына жаңа жабдықтар әкелініп, жұмысқа жас мамандар тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда, перзентхана бөлімінде жаңа жабдық – акушерлік және гинекологиялық тексеруге арналған сараптамалық класты УДЗ аппараты мен жаңа туған нәрестелерге арналған CPAP аппараты әкелінген.
CPAP – баланың тыныс алу ырғағына сезімтал компрессор және олардың өткізгіштігін жақсарту мақсатында тыныс жолдарындағы қысымды жоғарылату үшін қосымша ауа береді, табиғи тыныстағы ауа ағынына кедергіні жеңуге көмектеседі.