KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шемонаихадағы ауруханаға жаңа жабдықтар алынады

11.04.2023, 11:00 225 Оразай Жеңісұлы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сағидуллина жұмыс сапарымен Шемонаиха ауданындағы ауруханаға барды.

Басқарма басшысы аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар алынатынын және инфекциялық бөлімшеге күрделі жөндеу жасалатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Компьютерлік томографты сатып алуға облыстық «Парыз» қоры қаражат бөлгенін айта кетуіміз керек.

Облыс орталығынан барған маман пациенттерге қызмет көрсету аурухана басшылығының тұрақты бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ пациенттермен әңгімелесіп, скринингтерді уақтылы тапсырудың маңыздылығын айтты.

Қазіргі уақытта аудандық ауруханада кәсіби тексерулер жүргізу, аудан тұрғындарын диспансерлеу үшін қажетті диагностикалық жабдықтар бар. Екі маммограф аппараты жұмыс істеп тұр. Бұл әйелдердің онкологиялық ауруларды ерте анықтауына мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив