KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тарбағатай ауданында 6 денсаулық сақтау нысаны салынады

28.04.2023, 14:26 460 Ләззат Қанатқызы

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлмира Сагидуллина жұмыс сапарымен Тарбағатай ауданына барып, Ақмектеп ауылындағы медициналық пункттің жұмысымен танысты.

Жақында ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы аясында бейімделген үйдің орнына медициналық мекеменің жаңа ғимаратының құрылысы басталады, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Жаңа фельдшерлік пункт алғашқы қызмет көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілсе, медицина қызметкерлері үшін ауыл тұрғындарына көрсетілетін көмектер тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбековтің айтуынша, Ақмектеп ауылында бүгінгі таңда 370 адам тұрады. Мейірбикелердің үйлесімді жұмысының арқасында балалар, қарттар, жүкті әйелдер медициналық тексеруден өтіп, диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрі-дәрмекті тегін алып отыр.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы дәрігерлермен әңгімелесу барысында халықты профилактикалық тексерулермен қамту, нысаналы топтарды дер кезінде скринингтік тексеруден өткізу тұрғысында жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ басқарма басшысы Ақжар ауылындағы аудандық ауруханаға барып, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде әңгімелесті.

Айта кету керек, биыл перзентхана бөлімшесінің кәріз жүйесі мен жылу жүйесін жөндеу де жоспарда бар.  

– Ішек ауруларын диагностикалау үшін анестезиямен колоноскопия жасаймыз. Жыл басынан бері осындай 25 операция жасадық. Бұл медициналық көмекке көршілес аудандардың тұрғындары да жүгінеді, – дейді анестезиолог-реаниматолог дәрігер.

Қазір Тарбағатай ауданында жас мамандар жұмысқа тартылуда. Жақын арада медициналық ұйымның штаты тағы екі дәрігер – акушер-гинеколог және тіс дәрігерімен толықпақ.

 «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда алты денсаулық сақтау нысаны, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша тағы үш медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу