KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
441.44 473.09 4.75

Алтай ауданында Наурыз мерекесіне дайындық басталып кетті

13.03.2024, 18:01 33 ALTAINEWS

Алтай ауданы көпшілік асыға күтетін Наурыз мерекесіне қызу дайындық үстінде.

Аудан орталығы көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамына орай безендірілген. Көшелерге 30-ға жуық баннер ілініп, қалалық мәдениет және спорт сарайы мен  Тәуелсіздік көшесіне екі стела орнатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ал Серебрянск қаласының орталық алаңында тұрғындар үшін арнайы фотоаймақ қойылған. Қаланың әдемілігіне өз үлестерін қосу үшін жас натуралистер 100 дана көлемді қызғалдақ жасап шыққан.

- Алтай қаласындағы музыкалық мектептің алдына да ерекше композициялар орнаттық. Жергілікті тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында аудандық мәдениет, білім беру ұйымдары мен өзге де мекемелер безіндірілді, - дейді аудан әкімдігінің мамандары.

Фото: Алтай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив