KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, С
477.13 525.85 5.24

Күршімде жолдар жөнделіп жатыр

22.08.2024, 12:04 84 ALTAINEWS

Күршім ауданында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жақын күндері Күршім ауылындағы Достық көшесіне 400 метр асфальт төселді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Аталған көшенің жолы жөнделгенін тұрғындар мен көлік жүргізушілері көптен күткені рас. Себебі жол учаскесінде жөндеу жұмыстары ұзақ уақыт бойы жүргізілмеген.

- Жол жөнделгеннен соң ауыл ішіндегі қозғалыс жақсарып, жолдардағы қауіпсіздік сапасы артады деген үміттеміз, - дейді аудан әкімдігі.

Алдағы уақытта Күршім ауылының өзге де көшелерін асфальттау жұмыстары жоспарланып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив