KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 2 м/с, Ю
517.16 588.48 6.23

Күршімнен Алғабасқа дейінгі жол жөнделеді

2.06.2020, 11:45 237

Күршімнен Алғабасқа апаратын жол жөнделетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Күршім ауданының жұртшылығына жағымды жаңалығымыз бар. Жылдар бойы жөнделмеген Күршім-Алғабас жолына асфальт төселмек. Жөндеу жұмыстары 19 мамырдан басталып кеткен. «Күршім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейілбек Қалитовтың айтуынша, «Күршім-Алғабас» жолын жөндеу жұмыстарын «Марқакөл жолдары» ЖШС тендермен ұтып алған. Жөндеу жұмыстарына 110 млн теңге бөлініп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу