KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Күршім мен Құйған ауылдарында жол жөнделіп жатыр

1.08.2024, 14:13 134 Ләззат Қанатқызы

Шығыс өңірінде биыл Жол жылы жарияланғаны белгілі. Соның аясында көлік инфрақұрылымын дамытуға 31,5 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына барлығы 600 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сондай-ақ облыс жолдарының сапасын бақылауға және күтіп ұстауға 6,5 млрд теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары әр аймақта жүргізіліп жатыр. Мәселен, Күршім ауданына қарасты Құйған ауылындағы 3 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті.

- Жол жылы аясында Құйған ауылында 3.85 шақырым жолға (Жақиянов, Исабеков, Қайырбаев көшелеріне) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.. Сондай-ақ Күршім ауылында Достық, Аңғышбаев көшелеріне 800 метр жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды, - дейді аудан әкімдігі.

Облыс бойынша ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары бойынша 114 жобаны іске асыру жоспарланған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив