Тұрғындардан жылыту маусымына алдын ала дайындалуды сұраймыз – Алтай ауданының әкімдігі
Алтай ауданының әкімдігі жергілікті тұрғындардан жылыту маусымына дайындалып, көмірді алдын ала сатып алуларын сұрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімінің мәліметіне сүйенсек, көмір жеткізу жұмыстары тұрақты түрде іске асырылады.
- Ауданның көмір тұйықтары Зубовскідегі "Зырян ТЭК" ЖШС, Серебрянскідегі "Чуприков" ЖК және "Амагелдытранс" ЖК "Қаражыра"разрезінен көмірді тұрақты жеткізіп тұрады. Суық мезгілде отын тапшылығын болдырмау үшін оны жылыту маусымына дейін алдын ала дайындап алуды сұраймыз, - дейді аудан әкімдігі.
Аудан әкімшілігінен көмір алу мәселелері бойынша 6-36-02 телефонына хабарласуға болады.