KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
499.51 525.83 4.62

Өскеменде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы қарқында дамуда

6.12.2022, 10:51 631 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқынының жоғарылауы байқалады.

Өскемен қалалық әкімдігі аталмыш маңызды экономикалық салалардың жоғары нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- Жылдың басынан бері, яғни тоғыз айда қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 1 триллион және 280 миллиард теңгеден астам өнім шығарды. Бұл өсім өткен 2021 жылмен салыстырғанда 300 миллиард теңгеден асқан, яғни өсім қарқыны 132,5 пайызға жеткен. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнім көлемі 25 миллиард теңгеден асқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі жарым миллиардқа өсті. Өсу қарқыны - 110 пайыздан асады, - делінген өала әкімдігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс орталығында құрылысқа биыл 150 миллиард теңгеден астам қаржы салынғанын хабарлаған болатынбыз. Осы саладағы инвестициялардың өсу қарқыны 129 пайыздан, ал тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 133 мың шаршы метрден асты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу