KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, С
499.22 519.14 5.64

Өскеменде мерекелік ленталар таратылды

28.04.2023, 16:05 421 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Жеңіс лентасын» таратты. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.

Жеңіс лентасы тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде Мемлекеттік Туымыздың көк түсімен әсемделіп, сары ою-өрнекпен нақышталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Келе жатқан 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз", деді еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, биыл елімізде Ұлы Жеңістің 78 жылдығы тойланады. Айтулы мерекеге орай ардагерлерге 1,5 миллион теңгеден төлеу жоспарлануда.

Жеңіс күніне орай облыс орталығында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу