Трамвайларда енді кондуктор болмайды – Өскемен
Фото: Тілеубек Шаяхмет
«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС бүгіннен бастап трамвайлар кондукторсыз жолға шығатынын мәлімдеді.
Жолаушылар жолақыны QR-кодпен, картамен төлейді немесе жүргізушіге қолма-қол береді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Соңғы алты айда жолаушылардың 51 пайызы жолақыны Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, 32-35 пайызы көлік картасы арқылы төлеген. Тек 15-17 пайызы ғана қолма-қол ақша ұсынған», - дейді компания өкілдері.
Олардың айтуынша, контроллерлер желіде күн сайын жұмыс істейді. Жол ақысын төлемегендер айыппұл арқалайды.
Оқи отырыңыз