KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 9 м/с, В
522.91 548.85 5.05

Өскемендіктер техникалық ақаулардың кесірінен жол ақысын төлей алмай қалған

14.11.2022, 11:12 243 Ләззат Қанатқызы

Бүгін таңертең Kaspi.kz қосымшасындағы техникалық ақаулардың кесірінен өскемендіктер қоғамдық көлікте жол ақысын төлей алмай қалған.

Әлеуметтік желіде тұрғындар QR қосымшасы істемей қалғандықтан жол ақысын қолма-қол, яғни 130 теңге төлеуге тура келгенін айтып шағымдануда,  деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, кондуктор сағат 11.00-ге дейін қосымша арқылы жол ақысын төлеу мүмкін болмайтынын, сол үшін жолаушыларда қолма-қол  ақша болуы керектігін ескерткен көрінеді.

- Бүгін таңертен автобусқа 130 теңге төледік. Қосымшаның жұмыс істемей қалуына жолаушылардың еш қатысы жоқ. Сондықтан, осындай жағдайларда төлем жасаудың басқа да жолдарын қарастыру керек деп ойлаймын. Бізде оларды алмастыратын көлік карталары бар екенін білеміз. Бірақ, карталарды қаланың кез келген нүктесінде толтыра алмайтындықтан қолдануда ыңғайсыз, - деп шағымданады тұрғындар.

Мамандардың айтуынша, Kaspi.kz қосымшасы 08.04-те қалпына келтірілген.

- Төлем жасауға балама ретінде көлік карталарын қолданылады. Онда жол жүру құны 90 теңге болады.  Ал көлік карталарын толтыру мәселесі қазір қаралып жатыр, - деп атап өтті «Жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу