KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

«Алтай» тағы ұпай жоғалтты

2.10.2020, 13:54 198

«Алтай» тағы ұпай жоғалтты. Футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының бесінші турында «Екібастұзбен» тең тарқасқан семейлік ұжым әзірге өз конференциясында бесінші орыннан жоғары көтеріле алмауда.

Бес ойыннан кейін қоржынында бес ұпайы бар «Алтай» турнир кестесінің төменгі жағында орналасуға мәжбүр. Еске салайық, бірінші лига командалары арасындағы биылғы ел чемпионатына қатысатын 15 ұжым екі конференцияға бөлініп, өзара мықтыны анықтамақ.

Ал Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешенінің стадионында өткен «Алтай» мен «Екібастұз» арасындағы кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында командалар қарсылас қақпасына оқтын-оқтын шабуыл ұйымдастырғанымен, оның бірде-бірі нәтижелі аяқталмады.

Ел біріншілігі аясындағы келесі кездесуін алтайлықтар 3 қазан, сенбі күні «Ақтөбемен» өткізетінін айтқан жөн. Бұл ойын да Шымкентте ойналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив