«Алтай» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты
Семейлік «Алтай» биылғы маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты, деп хабарлайды Алтайньюс.
Бірінші лига колмандалары арасындағы ел чемпионытаның төртінші турында Ақтау қаласында жергілікті «Каспиймен» кездескен Сергей Тимофеев шәкірттері қарсыласымен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Есеп 0:0.
Осы ойыннан кейін жерлестеріміз турнирлік кестедегі бірінші орнынан айырылып қалды. Қоржынында 10 ұпайы бар «Алтай» көш басындағы шымкенттік «Академия Оңтүстік» командасынан екі ұпайға қалып тұр.
Еске салайық, семейлік ұжым осыған дейінгі үш ойында да жеңіске жетіп, чемпионаттың бірінші орнында келе жатқан. Сонымен қатар алтайлықтар Қазақстан кубогы үшін жарыста да бір кездесу өткізіп, ойламаған жерден ел чемпионы «Астанадан» басым түскен. Енді жерлестеріміз аталмыш жарыстың ширек финалында «Атырауға» қарсылас атанбақ. Бұл ойын 8 мамыр күні Семейдің «Спартак» стадионында ойналады деп жоспарлануда. Ал ел біріншілігі аясындағы келесі кездесуін алтайлықтар 4 мамыр, сенбі күні өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу-Б» командасымен өткізеді.