Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды
![](/kz/uploads/posts/iblock/430/430b0bb1e08ddc24111dbba468c4529a.jpg)
Жөндеуден өткен вагон рельске шығуға дайын. Қазір Көлік компаниясы оның қай бағыт бойынша қызмет көрсететінін шешіп жатыр.
Жаңартылған бесінші вагон көкшіл түске боялған. Басқа жөнделген вагондағыдай бұның да ішкі салоны жаңарып, жылытылған, орындықтары көк түсті матамен қапталып, еденге жаңа жабынды төселген, жылу шашқыштар, монитор қойылған.
- Бір айдан соң тағы бір жаңартылған трамвай шығады, - деп уәде етті Өскемен көлік компаниясының директоры Михаил Чайка. - Резеңке нығыздағышар сатып алынды, жақында орнатамыз, салонды бояп, орындықтары мен жабдықтарын жөндейміз.
Михаил Михайловичтің сөзіне сенсек, жаңартылған вагондар кез келген бағытта жүре алады. Қазір вагон жетіспеушілігі байқалмайды.