Глубокоеның шеткері ауылдары ауыз сумен қамтылады
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы Ақымғазы Баймулдинов түсіндіргендей, бүгінде Үлбі Перевалочная және Карагужиха ауылдарында блок-модульдік станцияларды орнату жұмыстары аяқталуда.
Құрылыс сапасын тексеру жөніндегі жұмыс тобы аудандық мәслихаттың депутаты Людмила Цыбенкомен бірге аталған елді мекендерді аралады.
Үлбі Перевалочная ауылының тұрғындары жақын арада таза ауыз суды пайдаланатын болады. Модуль қазірдің өзінде орнатылды, ұңғыма бұрғыланды, сорғылар, жабдықтар орнатылып, электр қуатын қосу күтілуде, - дейді Ақымғазы Баймулдинов.
Мердігерлік компанияның директоры Ерлан Жабайқанов барлық жұмыстарды аяқтау үшін тағы бірнеше күн қажет болатынын айтады. Енді тек станцияға электр желісін жеткізу ғана қалды.