KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Глубокое ауданында жол жөнделіп, ауыз су тартылады

10.07.2020, 08:20 223

Биыл Глубокое кентіне қарасты бірнеше шағын аудандар мен ауылдардың жолдары жөндеуден өтіп, таза ауыз су тартылды.

- Ауданымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, ауданға кіреберіс жолдар, Белоусовка кенті арқылы өтетін жолдар жөнделді. Сонымен қоса, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Попович, Пирогов көшелеріне, Абай, Трактовая, Жамбыл, Калин шағын аудандарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Сергей Кимасов.

Аталған ауданда Үлбі-Перевалачная, Карагужиха елді мекендеріне таза ауыз су тарту мәселесі де жуық арада оң шешім таппақ.

- Қазіргі таңда осы ауылдарға таза ауыз су тарту жұмыстары жүргізілуде. Блок-модульдік станциялар орнатылып жатыр. Бұл мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Енді көп ұзамай тұрғындар ауызсумен қамтамасыз етіледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу