Қалжыр ауылының тұрғындары жуықта орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізеді
![](/kz/uploads/posts/iblock/67a/67a223b5d0143e855f7c1469994b0a13.jpg)
Қалжыр ауылының тұрғындары жақын күндері орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жалпы сметалық құны 607 млн теңгені құрайтын жобаны «СМУ Шығыс» ЖШС атқарып жатыр. Қазірдің өзінде ауылдағы 340 үйдің ауласына дейін құбыр тартылып қойған. Ендігі міндет - сорғы станциясының құрылысы дер кезінде аяқтау.
-Негізгі магистральдың құрылысы аяқталып қойған. Қазір сорғы станциясын орнатып жатырмыз. 2019 жылдың қыркүйегінде басталған жұмыс жоспарға сәйкес келе жатыр,-дейді құрылыс алаңының мастері Досым Мұқанов.
Оқи отырыңыз