Бүгін коронавирус кезінде уәде етілген өтемақыларын ала алмай жүрген 80-нен астам медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралады
Бүгін 24 қыркүйек күні сағат 15-00 де Өскемен қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес пен "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтеді.
Күні: 2020 жылы 24 қыркүйек
Уақыты: 15:00
Шараны ұйымдастырушылар - «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Жиынға «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы І.Мұхамеджан, "Nur Otan" партиясы ШҚОФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Светаш, ШҚО Қоғамдық кеңесінің Денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобының төрайымы Т.Чернышова, ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. М.Исмаилов, ШҚО денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының өкілі М.Айзинберг және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Күн тәртібінде ШҚО медициналық мекемелерінде тегін мемлекеттік медициналық қызымет алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыстың жай-күйі туралы.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық жедел жәрдем станциясының "COVID-19"короновирустық инфекциясымен ауырып жазылған 80-нен астам медицина қызметкеріне өтемақы төлемегені туралы шағымын қарау мәселелер қаралады.
Өткізілу орны: «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, (Қасым Қайсенов көшесі 121)