KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Аягөз әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

18.09.2020, 10:28 190

Аягөз қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектісінен 1,2 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша Аягөз ауданының Аягөз қаласы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібіне сәйкес ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу