KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Өскемен полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген ШҚО тұрғынын ұстады

17.09.2020, 10:32 427

16-17 қыркүйек күндері Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету учаскесінде «Іздеу» жедел алдын-алу шарасы өтіп жатыр.

Соның негізінде кеше 16 қыркүйек күні Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігімен мемлекетаралық іздеуде жүрген  ШҚО Глубокое ауданының 39 жасар тұрғыны ұсталды.  Ұсталған азамат Өскемен қалалық Полиция басқармасына жіберілді. 

Сондай-ақ дәл сол күні «Іздеу» жедел алдын-алу шаралары бойынша өткізілген жедел іздестіруді жүргізу барысында Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ-нің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен вокзалға келіп жеткен №68 «Нурлы-жол-Өскемен-1» бағытындағы жолаушылар поезында хабар-ошарсыз жоғалып, жергілікті іздеуде жүрген ШҚО Риддер қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөлмесіне әкелінді. Анықталып ұсталған хабар-ошарсыз жоғалған азамат іздеуді жариялаған ШҚО бойынша ПД Риддер ҚПБ-не жолданды, - дейді Өскемен-1 станциясындағы ЖПБ-нің КПБ жедел уәкілі, полиция майоры Асхат Тоқтаров. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу