KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Күршімдегі №1 мектептің есік-терезелері 100 пайыз жаңартылды

15.09.2020, 07:40 150

Күршімдегі №1 орта мектептің есік-терезелері 100 пайыз жаңартылып, ғимарат күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мамырда басталған жұмыс 27 тамызда аяқталып қойған. «ПСК Өскемен құрылыс» ЖШС міндеттелген сенімді ойдағыдай ақтап шықты.

Мектеп директоры Ерболат Мажыбаевтың айтуынша, 1961 жылдан бері жөндеу көрмеген мектептің су жүйесі, асханасы, кәріз жүйесі жаңартылып, кабинеттерге линолеум төселген.

-Есік-терезелер 100 пайыз жаңартылды. Шатырды ауыстырдық. Мектепте барлығы 528 оқушы бар. Барлық жағдай жасалған. Ең бастысы салынғаннан бері күрделі жөндеу көрмеген мектебіміз биыл биыл бір серпіліп, жаңарып қалды, дейді білім ошағының директоры.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив