Меновное мектебі жөндеуден өтті – Өскемен
Өскемендегі «Меновное орта мектебі» «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеуден өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Білім беру мекемесінің 1500 шаршы метрлік шатыры жөнделді. Ішінара электр сымдары ауыстырылып, энергия үнемдейтін 163 шам орнатылды. 1972 жылдан бері күрделі жөндеуді көрмеген мектептің әжетханалары да жаңартылды, жаңа сантехникамен жабдықталды. Тіпті балалар су ішетін кішкентай субұрқақтар орнатылған көрінеді.
– Ең бастысы, терезелерді ауыстырдық. 48 жыл бойы тұрған ескі терезелерді жыл сайын бояп, жөндеуге тура келетін. Енді оның орнына су жаңа 79 пластикалық терезе орнатылды, – дейді «Меновное орта мектебі» КММ директоры Любовь Лихачева.
Сондай-ақ мектепте қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін 14 бейнебақылау камерасы орнатылды.