KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Мақаншыда 128 орындық балабақша ашылады

8.09.2020, 03:50 207

Бүгінде Үржар ауданындағы 51 мектепте 12 мыңнана астам бала білім алып, 1815 мұғалім сабақ береді. Жаңа оқу жылына дайындық ретінде 28 мектепте 1,3 млрд теңгеге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы тікелей эфирде баспасөз мәслихатын өткізген аудан әкімі Нұржан Тоқсеитов хабарлады.

Сондай-ақ, Мақаншы ауылындағы орта мектептің бұрынғы ғимаратын 128 орындық балабақшаға айналдыру жұмыстары қолға алынған.

– Мақаншыда балабақша ашу бағытындағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады, – дейді Нұржан Тоқсеитов. – Бұдан бөлек, биыл оқушыларды тегін оқулықпен қамтамасыз етуге 80 млн. теңге қаражат бөлінді. Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында ауданымыздағы 27 мектеп сабақтарын онлайн форматта өткізсе, 24 шағын мектеп оқуды штаттық режимде ұйымдастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив