KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 1,4 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Өскемен гарнизонында «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық іс-шара өтті

26.08.2020, 04:26 153

Өскемен гарнизонының әскери бөлімінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстарды ұйымдастыру қызметімен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында демеушілік көмек ұйымдастырылды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға (13 рюкзак) кеңселік құрал жабдықтар және сөмкелермен көмекке «Қазцинк» ЖШС демеушілік танытса, ал жалғызбасты және көпбалалы отбасыларға «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ (41 жинақ) жалпы сомасы бес жүз мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Кеңселік құрал жабдықтармен және сөмкелер әскери бөлімнің саптық оқушыларға табысталды. Әскери қызметшілердің отбасылары назар аударып, әскери қызметшілер тарапынан, сонымен қатар демеушілік көмек көрсеткен кәсіпорын басшылығына зор алғыстарын білдірді.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив