Әскерилер балаларды қуантты – Аягөз
Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде жыл сайын, дәстүрге айналған жаңа оқу жылы қарсаңындағы «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара көп балалы әскери қызметшілердің балаларына, жалғыз басты аналардың отбасына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Бастысы, жаңа оқу жылын асыға күтіп жүрген балаларға мейірім мен қуаныш сыйлау болды.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жыл» деп атағаны бекер емес. Өйткені адам өмірінің жалғасы, ұрпағы – бала. Бүгінгі балаларымыз Отанымыздың ертеңі, болашағы. Елін, жерін қорғаушылар. Сондықтан да олардың жақсы білім алып, мықты азамат болып қалыптасулары үшін барымызды салуымыз керек, - дейді шараны ұйымдастырушылары.
Акция шеңберінде әскери қызметшілердің балалары мектепке қажетті керек-жарақтарымен, сөмкелермен қамтамасыз етілді.