KZ
Өскемен
-6°
пасмурно Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Әскери қызметшілерге психологтар көмек көрсетеді

9.12.2020, 17:22 250
Әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайларын және психологиялық жай-күйін біліп және жеке көру мақсатында гарнизондарда енгізілген қызметтің жұмыстары жандандырылуда.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің міндеті - қандай да бір проблемаларды жою бойынша шаралар қабылдау, әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне көмектесу.
Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін қызмет бөлімше командирлерімен, әскери бөлім психологтарымен, медицина қызметкерлерімен, дене шынықтыру және спорт қызметтерінің бастықтарымен, сондай-ақ заң қызметінің бастықтарымен тығыз жұмыс жүргізеді.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет бөлімдегі отырыстарда әскери қызметшілер мен тұрмысы нашар отбасылардың өмірімен, тұрмысымен және жұмысымен байланысты мәселелерді талқылауға, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
Әскери қызметшілердің өмірімен және тұрмысымен танысу үшін осы санаттағы әскери қызметшілердің отбасыларына бару ұйымдастырылды. 
Іс-шараның мақсаты-әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайларын және психологиялық жай-күйін білу және жеке көру.
Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілерге, командир және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметімен бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларды шешу, отбасының басқа мүшелерімен жеке қарым-қатынасты нығайтуға, егер мұндай бар болса, жанжалды жағдайларды реттеуге көмектеседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив